Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден бес алтын медаль олжалап қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден бес алтын медаль олжалап қайтты

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден бес алтын медаль олжалап қайтты

Қазақстандық боксшылар Албанияның Шкодер қаласында өткен «Влазнианы еске алу-2011» бокстан ерлер арасындағы халықаралық турнирінен бес алтын олжалап қайтты.

  • 6 Сәуiр 2011
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясынан хабарлады.

Халықаралық турнирге 8 елден спортшылар қатысты. Байрақты додада Қазақстанның намысын ұлттық құраманың 9 боксшысы қорғады. Олар — Нұрсұлтан Көшеғұлов (52 келіге дейін), Данияр Төлегенов (56 келі), Айдар Әмірзақов (60 келі), Айдар Шарибаев (64 келі), Рүстем Сваев (69 келі), Данияр Елеусінов (75 келі), Алмат Серімов (81 келі), Данияр Үстембаев (91 келі) және Досжан Оспанов (+91 келі).

Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде былғары қолғап шеберлеріміз қанжығаларына бес алтынды байлап қайтты. Олар — 2009 жылдың чемпионы, Моңғолия боксшысын жеңген Н.Көшеғұлов, тағы бір моңғолдық спортшыны ұтқан Д.Төлегенов, Индонезия елінің боксшысын ойсырата жеңген А.Әмірзақов, македониялықты нокаутқа жіберген Д.Елеусінов және итальяндық боксшыға дес бермеген Д.Оспановтар.

Айта кетейік, турнирге қатысқан қазақстандық боксшылардың арасында олжасыз оралғандары жоқ. Мәселен, А.Серімов пен Д.Үстембаев — күміс, А.Шәрібаев пен Р.Сваев — қола медальдарды иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера