Турнирде 9қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды: Тұрмаханбетов Табысхан, Әшірәли Дастан, Салықов Нұрсұлтан, Әлиев Әсет, Сабыров Нұрзат, Еркін Мұхамеджан, Данаев Сұлтанбек, Балаев Әли, Дадаханов Сардар.
Турнирдің ең үздік босшысы атағы ресейлік Галиб Мамедовқа берілді.
Жарысқа Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 122 спортшы қатысты.
Бекзат Саттарханов – бокстан жартылай жеңіл салмақта (57 кг-ға дейін) Аустралияның Сидней қаласында өткен 2000 жылғы жазғы ойындардың чемпионы. Б. Саттарханов сол жылы жол-көлік апатында қаза болды.