Алматылық волейболшылар Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшылар Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында көш бастап келе жатыр

Алматылық волейболшылар Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында көш бастап келе жатыр

31 наурыз бен 5 сәуір аралығында Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-туры өтті.

  • 6 Сәуiр 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

Онда барлық кездесуін жеңіспен аяқтаған «Алматы» клубы 47 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал жеңімпазға 3:2 есебімен есе жіберген Хромтаудың «ТНК Қазхромы» 44 ұпаймен екінші орын алды. Үздік үштікті 39 ұпаймен жарыс қожайындары «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» волейболшылары түйіндеді. Одан 6 ұпайы кем атыраулықтар 4-ші орын алса, қоржындарында 31 ұпайлары бар Қызылжардың «Есілі» мен Оралдың «Конденсаты» 5-6 орынды бөлісті. Ел чемпионатының ақтық туры енді 26 сәуір мен 1 мамыр аралығында Талдықорғанда өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера