Қытайда стенд атудан лицензиялық әлем кубогы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда стенд атудан лицензиялық әлем кубогы өтеді

Қытайда стенд атудан лицензиялық әлем кубогы өтеді

Қытайдың Бейжің қаласында 19-28 сәуір күндері стенд атудан халықаралық ату спорты федерациясының (ISSF) лицензиялық әлем кубогы өтеді.

  • 9 Сәуiр 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Стендтік және практикалық ату федерациясының бас хатшысы Анастасия Давыдованың айтуынша, бұл дүбірлі додада ел намысын ерлер арасында — 5, әйелдер арасында — 5 спортшы қорғайды. Олар — Владислав Мухамедиев, Виталий Куликов, Виктор Хасянов, Андрей Могилевский, Виктор Марченко және Жания Айдарханова, Анастасия Давыдова, Эльвира Акчурина, Мария Дмитриенко, Ангелина Мищюк.

Бұған дейін 23-31 наурыз күндері Австралияның Сидней қаласында өткен 2-лицензиялық әлем кубогы өткен еді. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының 10 жолдамасы сарапқа салынған бұл жарыста командалық есепте 3 алтын, 1 күміс медаль ұтып алған АҚШ құрамасы 1-орын алды. Ал 1 алтын, 1 күміс, 1 қоламен екініш орынды италияндықтар иеленді. 5 олимпиадалық спорт түрі бойынша өткен ерлер арасында траптан — Альберто Фернандес (Испания), дабл-траптан — Ричард Фаулдс (Ұлыбритания), скиттен — Джон Макграт (АҚШ) жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында мұндай мәртебеге траптан — Алессандра Перилли (Сан-Марино), скиттен — Кимберли Роде (АҚШ) ие болды.