Аргентина-Қазақстанның Дэвис Кубогы үшін матчтары жоспарланған мерзімінен бұрын өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентина-Қазақстанның Дэвис Кубогы үшін матчтары жоспарланған мерзімінен бұрын өтеді

Аргентина-Қазақстанның Дэвис Кубогы үшін матчтары жоспарланған мерзімінен бұрын өтеді

Аргентина-Қазақстанның Дэвис Кубогы үшін матчтары жоспарланған мерзімінен бұрын өтетін болды. Бұл туралы Теннис федерациясынан хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасындағы Дэвис Кубогы үшін 1/4 финалдық матчтың мерзімі өзгергендігін растады. Дэвис кубогының күнтізбесі бойынша, барлық ширекфиналдық кездесулер 8-10 шілде аралығында өтуі тиіс болатын. Бірақ 10 шілде, жексенбіде Буэнос-Айрестің мэрі мен үкіметінің сайлауы өтетіндіктен, Аргентина-Қазақстан матчы 2011 жылдың 7-9 шілдесіне ауыстырылды», — делінген хабарламада.

Осылайша, Дэвис кубогы үшін Аргентина-Қазақстанның ¼ финалдық матчы Буэнос-Айресте: 7 шілдеде — жекелей екі ойын; 8 шілдеде — жұппен бір ойын; 9 шілдеде — жекелей екі ойын өтеді. Матчтар Parque Roca стадионында өтеді.