«Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

«Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Англияның «Манчестер Юнайтед» және Испанияның «Барселона» командалары футболдан Еуропа чемпиондары лигасының жартылай финалына шықты.

  • 13 Сәуiр 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Кеше өткен қарымта матчта «Манчестер Юнайтед» өз алаңында тағы бір англиялық клуб «Челсиді» 2:1 есебімен (бірінші ойында 1:0 есебімен «МЮ» жеңіске жеткен болатын) ұтты. Сөйтіп екі ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен басымдық танытқан «Манчестер Юнайтед» жартылай финалға шықты. «Барселона» болса қарымта ойында сырт алаңда Украинаның «Шахтер» (Донецск) командасымен кездесіп 1:0 есебімен (бірінші ойын 5:1 есебімен испаниялықтардың пайдасына шешілген болатын) жеңіске жетті.

Бүгін ширек финалдағы тағы екі қарымта матч өтеді. Англияның «Тоттенхэм» командасы Испанияның «Реал» клубын қабылдайды. Бұл командалар арасындағы Испанияда өткен бірінші мачта 4:0 есебімен «Реал» жеңіс тойын тойлады. Сонымен қатар Германияның «Шальке-04» командасы Италияның «Интер» клубын қабылдайды. Италияда өткен бірінші ойында неміс клубы 5:2 есебімен қарсыласын қапы қалдырған еді. «Тоттенхэм -«Реал» жұбының қай жеңгені жартылай финалда «Барселонамен», ал «Шальке-04»-«Интер» жұбының жеңімпазы «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера