Ел кубогі үшін ойында «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел кубогі үшін ойында «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып кетті

Ел кубогі үшін ойында «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып кетті

Ел кубогі үшін ойында 13 сәуір күні бірінші лигада ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигадағы мықты командалардың бірі,

  • 14 Сәуiр 2011
  • 551
Фото - Caravan.kz

өткен жылғы күміс жүлдегер «Ақтөбені» өз алаңында қабылдады.

Ойынның 74-минутында қонақтардың капитаны Самат Смақов есеп ашып, матч осылай аяқталатындай көрінген. Алайда қосымша уақытта жиырма жасар Бауыржан Омаров есепті теңестіріп кетті. Пенальтиден 4:3 есебімен оралдықтар жеңіске жетті.

«Ақжайық» енді 20 сәуірде Қазақстан кубогінің 1/8 финалында сырт алаңда «Таразбен» кездеседі.

Бірінші лиганың 24 сәуір күнгі беташар ойынын оралдықтар Сәтпбаевта жергілікті «Қазақмыспен» өткізеді. Бірінші лигада биыл 18 клуб күш сынаспақ.

Маусымды сәтті бастаған «Ақжайық» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр. Команда басшыларының айтуынша, бұл оңайға түспейді. Өйткені бірінші лигада да бәсекелестік күшті, командалардың шеберлік деңгейі теңесіп келеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера