Кеше Оралдың «Жайық-Конденсаты» алғашқы матчында Алматының «КазНАУ» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Көш басындағы Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрты» «ЦСКА-Алматы» командасын 3:0 есебімен жеңсе, астаналық «Ұшқын-Искра» «Атырау-2» клубын дәл осындай есеппен ұтты. Павлодардың «Ертісі» тартысты ойында Петропавлдың «Есіл-Викториясынан» 3:2 есебімен басым түсті.
Бүгін орталық кездесу «ОҚМУ-Қазығұрт» пен «Жайық-Конденсат» арасында болмақ.