Волейбол: Өскемендіктер мен астаналықтар жеңіліссіз келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Өскемендіктер мен астаналықтар жеңіліссіз келеді

Волейбол: Өскемендіктер мен астаналықтар жеңіліссіз келеді

Өскеменде волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-туры өтіп жатыр.

  • 14 Сәуiр 2011
  • 520
Фото - Caravan.kz

Бұл алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде алтылықтың қатарына енгендерге 1-6-шы орындарды, ал өзге 4 команда үшін 7-10-шы орынды сарапқа салатын ақтық кезең болмақ. Қазір бұған дейінгі 4 турдың қорытындысы бойынша 66 ұпаймен көш бастап келе жатқан «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өз алаңындағы кездесудің бәрін жеңіспен аяқтауда. Оған 2-3-ші орындағы теміртаулықтар («Спартак АМТ») 3:2, ал қостанайлықтар («Иволга») 0:3 есебімен есе жіберді.

Бүгін алтылықтағы «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Спартак АМТ», «Иволга», «Грация-KZ» (Орал), «Алматы-ЦСКА» (Алматы) мен «Қарағанды-2»( Қарағанды облысы) бір күндік демалыс алды. Ал 7-10 орындардағы командалар арасында «Астана-2» (Астана) мен «Жетісу-2» (Алматы облысы), «Қазхром» (Павлодар) мен «Қазығұрт» (Шымкент) жарысты одан әрі жалғастыруда. Жалпы айналым жүйесі бойынша өтіп жатқан ел чемпионаты 16 сәуір күні өз мәресіне жететін болады.