«Жайық-Конденсат» көш бастаушы команданы ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	

«Жайық-Конденсат» көш бастаушы команданы ұтты

«Жайық-Конденсат» көш бастаушы команданы ұтты

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Оралда волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігінің соңғы, бесінші турының ойындары өтуде.

  • 15 Сәуiр 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

Кеше алаң иелері «Жайық-Конденсат» жоғары лигада көш бастап келе жатқан Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасымен кездесті. Бұл ойында Жайық волейболшылары 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ кеше Петропавлдың «Есіл-Викториясы» «ЦСКА-Алматыны» 3:2, Павлодардың «Ертісі» «Атырау-2»-ні 3:1, Астананың «Ұшқыны» алматылық «КазНАУ» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Бүгін «Жайық-Конденсат» «ЦСКА-Алматы» командасымен шеберлік байқасады. Ең мықты команданы жеңген оралдықтардың қалғандарын да ұтуына мүмкіндіктері бар.