Қазақстандық теннисші Воскобоева Мароккодағы ITF Casablanka турнирінің жартылай финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Воскобоева Мароккодағы ITF Casablanka турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Воскобоева Мароккодағы ITF Casablanka турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мароккодағы ITF Casablankaтурнирінің жеке разрядтар кестесінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды теннис федерациясы.

  • 15 Сәуiр 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Ширек финалдық матчта қазақстандық спортшы румыниялық қарсыласы Александра Кадантаны 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда жерлесіміз турнирдің бесінші ракеткасы – итальяндық Анна Флориспен кездеседі.

Ширек финалдағы жеңісіне дейін Воскобоева ITF Casablanka турнирінің екінші раунд ойынында француз Кристина Младеновичтан екі сетте 7:5, 6:4 есебімен басым түскен болатын. 11 сәуірде бірінші айналымдағы кездесуде перуандық Бианка Боттоны 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңген.

Турнирдің сыйақы қоры — $25 мың.