Галина Воскобоева Мароккода ITF «Casablanka» турнирінің жартылай финалына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Галина Воскобоева Мароккода ITF «Casablanka» турнирінің жартылай финалына өтті

Галина Воскобоева Мароккода ITF «Casablanka» турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстан теннисшісі Галина Воскобоева Мароккода өтіп жатқан ITF «Casablanka» турнирінің жартылай финалына өтті.

  • 15 Сәуiр 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Г.Воскобоева (WTA рейтингісінде 317-ші) Мароккода өтіп жатқан ITF Casablanka халықаралық әйелдер турнирінің жартылай финалына өтті. Турнирдің жүлде қоры 25 мың АҚШ доллары. Ширек финалдық матчта қазақстандық теннисші 6:3, 6:2 есебімен румындық Александра Кадантуды жеңді», — деп атап өтті Федерацияның баспасөз қызметінен.

Жартылай финалда Г.Воскобоева турнирдің бесінші ракеткасы итальяндық Анна Флориспен (WTA рейтингсінде 163-ші) кездеседі.

Теннистік турнирдің ширек финалындағы жеңісіне дейін Г.Воскобоева ITF Casablanka-ның екінші кезеңдік матчында француздық Кристина Младеновичті 7:5, 6:4 есебімен екі сетте де ұтты. Ал дүйсенбі күні бірінші айналымдағы матчта перулік Бианка Боттоны 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера