Жарысқа Ұлттық кауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер департаменті, Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті құрамалары қатысты.
Тартысты өткен жарыста Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті спортшыларының жұлдызы жанып, бірінші орын, Төтенше жағдайлар департаменті — екінші орын, Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы үшінші орын алды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен арнайы кубок, дипломдармен марапаталды.