Дзоюдошы Жанар Жанзұнова - Спартакиада чемпионы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзоюдошы Жанар Жанзұнова - Спартакиада чемпионы

Дзоюдошы Жанар Жанзұнова - Спартакиада чемпионы

Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған Қазақстан Республикасының ІІІ партакиадасы аясында Орал қаласында өткен дзодо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионатта қызылордалық Жанар Жанзұнова топ жарды.

  • 29 Сәуiр 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz


Еліміздің III спартакиадасы бағдарламасы бойынша өткізілген бұл додалы жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 170-ке жуық спортшы қатысты. Олар 8 салмақ дәрежесі бойынша медальдарды сарапқа салды. Осында Сыр бойынан барған 15 спортшының 8-і жүлдемен оралды. Абсолютті салмақта алтын медальдың иегері атанған Ж.Жанзұнова өзінің 70 келіге дейінгі салмағында күміс медальға қол жеткізді. Екінші орын сондай-ақ Руслан Әбдіразақов (абсолютті салмақ) пен Мөлдір Болатбековаға (52 келі), үшінші орын Әйгерім Мәденоваға (48 келі), Дархан Саржанов (60 келі) пен Ғалия Өлментаеваға (78 келі) бұйырды.