Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Халықаралық санаттағы спорт шебері, муайтайдан әлем чемпионы (Таиланд, 2009) Болгария, Италия, Германия және Ресей спортшыларымен болған жекпе-жектерде айқын жеңіске жетті.
Пединституттың тағы бір студенті Дамир Фатхутдинов чемпионаттың «күміс» жүлдесін қанжығасына байлады.
Құрлық біріншілігіне Қазақстанның атынан қатысқан 9 спортшының сегізі медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды қанағат тұтты.