Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Лашынмен» тең ойнады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Лашынмен» тең ойнады

Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Лашынмен» тең ойнады

4 мамырда футболдан ел біріншілігінің бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Қаратаудың «Лашынын» қабылдады.

  • 5 Мамыр 2011
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бірінші таймда оралдықтар басымдылық көрсетіп, ойынның 39-минутында Руслан Хайров есеп ашты. Алайда екінші таймда «Ақжайық» ойын тізгінін босатып алды. Есесіне қонақтар алаң иелерінің қақпасына әлсін-әлсін қауіп төндірді. Тіпті доп қақпаның маңдайшасынан қайтқан сәт те болды. Ойынның 90-минутында «Лашыннан» Ерасыл Ишанқұл мергендік танытып, есепті теңестіріп кетті.

Сөйтіп «Ақжайық» қаратаулықтармен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Мұндай ойынмен оралдықтардың супер-лигаға оралуы екіталай.