Еуропа чемпиондары лигасының финалында «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа чемпиондары лигасының финалында «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі

Еуропа чемпиондары лигасының финалында «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі

Футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалында Испанияның «Барселона» және Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары кездеседі.

  • 5 Мамыр 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Барселона» финалға екі ойынның қорытындысы бойынша тағы бір испаниялық клуб Мадридтің «Реалын» 3:1 есебімен ұтып шыққан болатын. Ал кеше өткен екінші жартылай финалдың қарымта ойынында «Манчестер Юнайтед» Германияның «Шальке-04» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұдан бір апта бұрын неміс жерінде өткен алғашқы ойында да ағылшындық клуб 2:0 есебімен басым түскен болатын. Осылайша екі матчтың нәтижесінде 6:1 есебімен ұтқан «Манчестер Юнайтед» финалда қарт құрлықтағы мәртебелі турнирдің кубогын «Барселона» клубымен сарапқа салатын болады.

Финалдық ойын 28 мамыр күні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Айта кетейік, 2008/2009 жылғы маусымда бұл екі команда чемпиондар лигасының финалында кездескен еді. Ол кезде 2:0 есебімен жеңіске жеткен «Барселона» Еуропаның ең мықты командасы атанған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера