Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сынында өнер көрсететін спортшылардың есімі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сынында өнер көрсететін спортшылардың есімі белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сынында өнер көрсететін спортшылардың есімі белгілі болды

Бүгін Қытайдың Гуянг қаласындағы Гуянг университетінің спорт кешенінде бокстан Қазақстанның «Астана арландары» мен Францияның «Париж юнайтед» командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайыстары басталады.

  • 6 Мамыр 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Онда өнер көрсететін қос команда өз құрамын кеше Техникалық комитеттің мәжілісінде жариялады. Сондай-ақ кеше кешқұрым спортшылар медициналық тексеруден өткізіліп, салмақ өлшеу рәсімі жасалды.

«Астана арландары» командасының бас директоры Болат Макеновтың айтуынша, Еуроспорт телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілетін бұл шараны, одан бөлек отызға жуық елдің телеарналары да өз көрермендеріне ұсынғалы отыр. Оны жоғары деңгейде өткізу үшін Қытай елі 200-дей еріктілерді жұмылдырып, жарысты насихаттауға түрлі елдерден келген 100 жуық журналистерге аккредитация жасалған.

Жарыстың алғашқы күні Қанат Әбутәліпов пен француздардың грузиялық легионері Гиорги Киланов (54 кг), Мерей Ақшалов пен Рашид Аззедин (61 кг), Қанат Сіләм мен Стефан Невас (73 кг), өзбекстандық Рамжон Ахмедов пен хорватиялық Сеп Хрвоже (85 кг), Руслан Мырсатаев пен Тони Йока (+91 кг) жұдырық түйістіреді. Ал ертең Миржан Рахымжанов пен ирландиялық Джон Джозеф Невин, Ержан Мүсәпіров пен алжирлік Абделкадыр Шади, Бақыт Сәрсекбаев пен Мишел Таварес, Марат Молагереев пен Абдулкадер Бухениа және өзбекстандық Сардор Абдуллаев пен хорватиялық Филипп Хргович жекпе-жекке шығады. Онда жеңімпаз команда 0,5 миллион, жеңілген команда 150 мың АҚШ долларына ие болады. Сонымен қатар үздк боксшы, үздік менеджер мен үздік бапкерге арнайы сый-cияпаттар жасалады деп жоспарлануда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера