Бұл бәсекеге Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) рейтингісінде үздік төрттіктің қатарынан орын алған былғары қолғап шеберлері қатысты. Онда ел намысын Вадим Присужник жаттықтыратын әйелдер құрамасынан 6 боксшы қорғағаған болатын. Олардың арасынан Жайна Шекербекова (54 кг), Елена Кольцова (69кг), Марина Вольнова (81 кг) мен Юлдуз Маматкулова (+81кг) күміс, Сайда Хасенова (64 кг) қола жүлдегер атанды. Бұл жолы Зура Хұсайынованың (48 кг) ғана қоржыны бос қайтты. Жарыстың жалпы қорытындысында командалық есепте үздік үштікке Қытай, Корея халықтық демократиялық республикасы мен Үндістан құрамасы енді.