10 салмақ дәрежесі бойынша өткізілген турнирге 12 мемлекеттен 150 былғары қолғап шебері қатысты. Аталмыш жарыста Қазақстан құрама командасы сапында жерлесіміз 69 келі салмақта сынға түскен Р.Сваев финалда есе жіберді. Ол қазір маусым айында Иордания мемлекетінде өтетін Азия чемпионатына дайындалу үстінде.
Осы уақыт аралығында Алматыда бокстан Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнир болдыі. Осымен 16-рет ұйымдастырылып отырған турнирге 12 елден, 170 спортшы қатысты.
Бұл сында Қызылордадағы жоғары спорт шеберлігі мектебінен 60 келіде Шахноза Исаханова мен 91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев екінші орынды иеленді.