Қаскелеңде ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаскелеңде ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтуде

Қаскелеңде ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтуде

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласындағы «Қазанат» ипподромында көкпар мен аударыспақтан 11-ші, теңге ілу мен қыз қуудан 5-ші Қазақстан чемпионаты басталды.

  • 17 Мамыр 2011
  • 520
Фото - Caravan.kz

Оны Туризм және спорт министрлігі мен «Көкбөрі» Қазақстан көкпаршылар қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысуда.

«Көкбөрі» Қазақстан көкпаршылар қауымдастығы 2000 жылы құрылған болатын. Олар ересектер арасында 2001 жылдан, ал жастар арасында 2005 жылдан бастап дәстүрлі түрде жыл сайын ел чемпионатын өткізіп келеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында — 32, Жамбыл облысында — 27, Ақмола облысында — 18 көкпаршылар командасы бар. Ал бүкіл республика аумағында спорттың бұл түрімен 8 мыңнан астам адам айналысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера