Қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуде «Brussels Open 2011» турнирінің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуде «Brussels Open 2011» турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуде «Brussels Open 2011» турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Галина Воскобоева жұптасып өнер көрсетуде чех Андреа Хлаваковамен бірге Бельгиядағы «Brussels Open 2011» халықаралық турнирінің ширек финалына өтті.

  • 18 Мамыр 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, олар кеше алғашқы айналымда латвиялық және американдық дуэт Лига Декмейере мен Меган Моултон-Левиден 6:2, 5:7, 10:5 есебімен басым түсті. Галина мен Андреаның келесі қарсыласы американдық Лизел Хубер — Лизой Раймонд және Ирина Фалькони мен Коко Вандевеге жұбтарының жеңімпазы болмақ.

Халықаралық теннис қауымдастығының «Премьер» дәрежесіндегі бұл дүбірлі дода мамырдың 14-і күні басталған болатын. Жүлде қоры 618 мың АҚШ долларын құрайтын бәсеке 22 мамырға дейуін созылады. Онда Г. Воскобоева жекелей сында алғашқы кезеңде бельгиялық Валери Верхаммды 6:0, 2:6, 6:2 есебімен, ал 2-кезеңде ұлыбританиялық Анна Кетхавонгты 6:3, 6:0 есебімен ұтқан еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера