«Барыс» хоккей клубына жаңа шабуылшылар келді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» хоккей клубына жаңа шабуылшылар келді

«Барыс» хоккей клубына жаңа шабуылшылар келді

Астананың «Барыс» хоккей клубы шабуылшылар Камил Крэпс пен Джош Грэттонмен шарт жасасты.

  • 18 Мамыр 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

Чехиялық Камил Крепс (Kamil Kreps) Ұлттық хоккей лигасының (NHL) Флорида пантерс командасында, кейін Кэрпэт (Финляндия) клубында ойнады. Чехия құрамасының шабуылшысы. ҰХЛ-да 232 ойын өткізді. Бойы — 188 см, салмағы — 88 келі.

Джош Грэттон (Josh Gratton) Канада елінің тумасы. Оның қызмет тәжірибесінде «Филадельфия флайерс» (NHL), «Финикс койотс» (NHL) және «Витязь» (Чехов) клубтарындағы ойындарын атап өтуге болады.

Енді «Барыс» құрамындағы аталған шабуылшының бойы — 188 см, ал салмағы 96 келі. Ол ҰХЛ-да 86, ҚХЛ-да 35 ойын өткізген.

Бұның алдында «Барыс» клубы швециялық қорғаушы Юнас Юнландпен келісімшартты бекіткені туралы хабарланған. Ол ағымдағы маусымда «Фэрьестад БК» клубының құрамында Швеция чемпионы атанды.