Қазақстан теннис федерациясы балалар теннисін дамытуға бағытталған жаңа жобаны бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан теннис федерациясы балалар теннисін дамытуға бағытталған жаңа жобаны бастады

Қазақстан теннис федерациясы балалар теннисін дамытуға бағытталған жаңа жобаны бастады

ҚР Теннис федерациясы «Қазақстанның келешегі зор 24 жасөспірімі» деп аталатын жаңа жобаны жүзеге асыра бастады.

  • 19 Мамыр 2011
  • 731
Фото - Caravan.kz

Ондағы басты мақсат — балалар теннисін дамыту.

Жобаға қатысу үшін аймақтық филиалдардың директорлары бас бапкермен кеңесе отырып 6 аймақтан 1997-98 жылдары туған балалар мен қыздар арасынан — 1, 1999 жылы және одан төмен жастағылар арасына — 1 теннисшіден таңдап, гранттық көмекке ұсынады. ҚР Теннис федерациясының аталмыш көмегін алу үшін олар міндетті сериялық турнирлерге қатысуы керек. 400 АҚШ доллары көлеміндегі бұл грант жас теннисшілердің қажетті спорттық құрал-жабдығына жұмсалады. Ақтық шешімді қабылдайтын ҚР Теннис федерациясының Балалар теннисін дамыту жөніндегі комитеті болмақ. Онда үміткерлер ұсынылатын аймақтарға : солтүстік өңірде — Павлодар, Лисаковск, Қостанай және Петропавл қалалары. Орталық өңірде — Астана, Қарағанды қалалары; Батыс өңірде — Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары; Шығыс өңірде — Өскемен, Семей, Талдықорған, Алматы қалалары мен Алматы облысы; Оңтүстік өңірде — Шымкент, Тараз қалалары топтастырылған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера