Олар қорғаушылар — Михаил Рожков, Марк Гурман және Қайрат Нұрдәулетов, жартылай қорғаушылар — Марат Шахметов пен Ұлан Қонысбаев.
Бұның алдында бас бапкер ұлттық командаға «Ақтөбе» клубының ойыншылары — Марат Хайруллин, Андрей Сидельников, Самат Смақов, Юрий Логвиненко және Сергей Лисенковты, сондай-ақ «Тобыл» футболшылары — Александр Кислицын мен Игорь Юринді оқу-жаттығу жиынына шақыртқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
М. Беранек біздің команданың капитаны Андрей Карпович болады деп мәлім еткен, алайда ол жарақат алып, Әзірбайжанмен болатын кездесуге қатыса алмайтындығы анықталды. Сонымен қатар еліміздің бас қақпашысы Давид Лория да жарақаттанған. Ол қазір Германияда ем алып жатыр.
Біздің команда Әзірбайжан құрамасымен 3 маусым күні Астана уақытымен сағат 19.00-де өз алаңында, елордадағы «Астана — Арена» стадионында ойнайды. Матч билеттері 24 мамырда сатылымға шығады.
Айта кетейік, «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында жерлестеріміз Германия, Түркия, Австрия , Бельгия және Әзірбайжан құрамаларымен бірге «А» тобында ойнауда.
Бұның алдында Қазақстан құрамасы бес ойын өткізіп, өз алаңында Түркияға 0:3, Бельгияға 0:2, Германияға 0:3 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Австриядан 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында бірде-бір ұпайсыз «А» тобында соңғы орында келеді.