Бейсенбі, 19 мамыр күні Ташкенттегі «Өзбекстан» спорт кешенінде ересектер арасындағы грек-рим, еркін күрес және қыздар күресінен Азия чемпионаты басталды. Бұл жарыстарға құрлықтың 22 елінен балуандар жиналды.
Қазақ спортшылары күрестің үш түрі бойынша да жарысады. Кеше 60 келі салмаққа дейінгі күресте Дәурен Жұмағазиев алтын медаль, 84 келі салмаққа дейінгі күресте Қанат Бердиев күміс медальға ие болды.
Бүгін Азия чемпионатында 96 және 10 келіге дейінгі салмақтағы ерлер және 48.51 және 55 келіге дейінгі салмақтағы қыздар күрес алаңына шығады.