Қызылордалық жеңіл атлеттер ел чемпионатынан бір алтын, екі күміс медальмен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық жеңіл атлеттер ел чемпионатынан бір алтын, екі күміс медальмен оралды

Қызылордалық жеңіл атлеттер ел чемпионатынан бір алтын, екі күміс медальмен оралды

Қызылордалық жеңіл атлеттер Алматы қаласында елімізің 1991-1995 және 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы чемпионатынан бір алтын,

  • 20 Мамыр 2011
  • 613
Фото - Caravan.kz

екі күміс медаль алып қайтты.

Сыр бойы спортшыларына алғашқы күміс медальды ядроны 11 метр 27 сантиметрге лақтырған Анастасия Красильникова (№7 мектеп) алып берді. Ал 1994-1995 жылдары туғандар арасында Максим Панов (№2 мектеп) 400 м қашықтыққа жүгіруден (51,28 сек.) екінші орын алды. Сонымен бірге облыс командасы эстафеталық жүгіруде (100+200+300+400м) бірінші болды.

Спортшыларды аталмыш жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған жеңіл атлетика спорт мектебінің жаттықтырушылары Наталья Лептикова мен Владимир Лептиков дайындады.