«Brussels Open 2011» халықаралық турнирінің жеңімпазы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Brussels Open 2011» халықаралық турнирінің жеңімпазы

«Brussels Open 2011» халықаралық турнирінің жеңімпазы

Қазақстандық Галина Воскобоева мен чех Андреа Хлавакова жұптасып өнер көрсетуде 14 -21 мамыр күндері Бельгияда өткен «Brussels Open 2011» турнирінің жеңімпазы атанды.

  • 23 Мамыр 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz


Жүлде қоры 618 мың АҚШ долларын құрайтын Халықаралық теннис қауымдастығының (WTA) әйелдер арасындағы «Премьер» дәрежесіндегі бұл байрақты бәсекесінде негізгі кестесінде жекелей сында 32, жұптық сайыста 16 жұп өнер көрсетті. Галина мен Андреа ақтық сында поляк Клаудиа Янс пен Алисия Росольскаяны 3:6, 6:0, 10:5 есебімен ұтты. Олар жарыс қорытындысында өз қалталарын 32 мың долларға толтырып, WTA рейтингіндегі өз ұпайларын 470-ке ұлғайтты. Бұл қазақстандық теннисшінің жұптасып өнер көрсетуде биылғы жылы қол жеткізген 3-ші ірі жеңісі болып отыр. Галина бұл жарыста сондай-ақ, жекелей сайыста негізгі сынның екінші айналымына дейін жетіп 8500 доллар мен WTA рейтінгінде 60 ұпайға ие болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера