Үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 12 команда, 168 спортшы қатысты. Жарыс 10 салмақта өткізілді. Бәсекені облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Каленов құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирдің ашылу салтанатына Д.Смайловтың туыстары шақырылды. Бірқатар жарыс қонақтары естелік медальдармен марапатталды. Қызылорда облысының спортшылары жүлденің басым бөлігін еншіледі.