Жетінші рет еліміздің 14 облысындағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында тәрбиеленуші жасөспірімдердің басын қосып отырған кең ауқымды жарыс Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт базасында өтуде.
31 мамырға дейін жалғасатын турнирге еліміз бойынша 16 балалар үйі мен мектеп-интернатының тәрбиеленушісі болып табылатын 1995 — 1996 жылдары туған және жасы одан кіші жас өспірім спортшылар қатысуда. Турнир Қазақстан Республикасының Баскетболды дамыту жөніндегі Ұлттық федерациясының қатысуымен, ұлттық және халықаралық санаттағы судьяларды тарту арқылы ұйымдастырылған.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Станислав Кособоков Банк қазақстандық өскелең жас ұрпақтың дені сау болып өсуі үшін жас өспірімдер арасында дене шынықтыру мен спортты барынша дамытуға мүдделілік танытып отырғандығын айтады. «Біз еліміздің ертеңгі болашағы — жеткіншектеріміздің барлығының, оның ішінде ата-ана қамқорлығынан айрылған жетім балалардың да дені сау, ерік-жігері күшті, рухы мықты, жоғары саналы азамат болып өсуін тілейміз. Біздің ойымызша, мұндай жарыстардың жас өспірімдерді шынықтыру үшін ғана емес, олардың бойында қайраттылық пен ерік-жігер, патриоттық рух тәрбиелеп, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуға қолғабыс жасауда да мәні зор», — дейді С. Кособоков.
Сонымен қатар ол Республикалық «Үміт кубогі» турнирі — Халық Банкінің ауқымды әлеуметтік жобаларының бір бөлігі ғана екендігін, оның шеңберінде жыл сайын Банк қамқорлығындағы балалар мекемелерін спорттық құрал-жабдықпен, арнайы киім-кешекпен қамтамасыз ету, балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылар құрамын іріктеу жұмысы жүргізілетіндігін әрі олардың еңбегіне ақы төленетіндігін жеткізді.
«Халықтық Лига» жобасы бойынша балалар үйлері мен мектеп-интернаттар тәрбиеленушілері арасында баскетболдан өткізілетін «Үміт кубогі» турнирі 2005 жылғы 24 мамырда Ақмола облысының Жақсы селосында ұйымдастырылған республикалық жарыстан бастау алады. 2006 жылғы ІІ Республикалық турнир де сол жерде өткізілген болатын, аталған кубок «Бурабай» санаторлық-курорттық аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болды. Ал V және VI турнирлер Қостанай облысындағы «Сосновый бор» санаторийінде ұйымдастырылған.