1 күміс және 6 қола медаль алып қайтты. Бұл туралы облыстық туризм және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады.
Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Сыр бойының спортшылары жоғарыдағы медальдар саны бойынша командалық екінші орынға шықты. Ал бірінші орынға Тараз қаласының дзюдошылары ие болса, үшінші орынға Шымкент шаһарының спортшылары орналасты.