Апталық жұлдызнама: 14 мамыр - 20 мамыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апталық жұлдызнама: 14 мамыр - 20 мамыр

Апталық жұлдызнама: 14 мамыр - 20 мамыр

Жұлдызнаманың басында тоқты тұрғандықтан, осы айда дүниеге келген жандар көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар еш кедергілерге мойымай, алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылады. Бұл қасиет әркімге де керек-ақ, дегенмен өз арман-мақсаттарын басқара алмайтындарға зиянын тигізеді.

Бұл жыл тоқтылар үшін «үйрену жылы» болмақ. Астрологтар өз-өзіңізді дамытып, жаңа технол

  • 14 Мамыр 2018
  • 1505
Фото - Caravan.kz

Бұл жыл тоқтылар үшін «үйрену жылы» болмақ. Астрологтар өз-өзіңізді дамытып, жаңа технологиялар мен шет тілдерін үйренуге күш салғаныңыз жөн дейді. Сондай-ақ, «қазір және осы жерде» деген секундтық еркелігіңізді ұмытуға кеңес береді. Себебі, тез қабылданған шешім сіздің болашағыңызға кері әсер етуі мүмкін. Кез келген іске бармас бұрын, мың ойланып, жүз  толғанғаныңыз абзал.

Торпақ

Торпақтар ерік-жігері мықты, аса сабырлы, шыдамды жандар. Сондай-ақ, олар адал дос, сенімді серік. Сондықтан басқалардан да сондайберіктікті күтеді. Жалғандықты  қабылдай алмайды, бірден біліп қояды. Егер біреудің арамдығын байқаса, өмірінен ол адамды мәңгіге сызып тастауы мүмкін. Бұл жыл торпақтар үшін бір қалыпты өтеді. Бұл әрине, қызықсыз болады деген сөз емес. Ақпан айында маңызды шешім шығаратын сәт келеді. Сіздің ойлануға уақытыңыз аз болғандықтан, тезірек «иә» немесе «жоқ» деген жауабыңызды беріңіз. Күзге қарай күйзелістер басталуы мүмкін, бұл қиын жағдайда сізге жақын адамдарыңыз қолдау көрсетеді.

Егіздер

Ит жылында туған егіздер тек қана алға, себебі бұл сіздің жылыңыз болмақ! Ал Тышқан, Қоян, Жылан жылы дүние келген егіздер еңбектенуі қажет. Еңбек бәрін де жеңбек. Ұлу, Өгіз, Мешін жылы туғандар үшін бұл жыл бірқалыпты өтпек. Ал Доңыз бен Барыс жылғы егіздерді түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Бұл жылы отбасыңыз бен туған-туыстарыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Шындықты іздеймін деп, басыңыз даудан арылмай, көп нәрсені ұмыт қалдыруыңыз мүмкін. Барлығын өткен уақыттың еншісіне қалдырып, жаңа өмір бастаңыз. Сол сияқты алдыңызға нақты жоспарлар қойыңыз. Қол жетпейтін арман-қиялдарыңызды шетке ысырып, жерге түсіңіз. Егер өзгеруге дайын болсаңыз, 2018 жыл сіз үшін табысты болмақ.

Шаян

Шаян жұлдызымен туған жандар мақсатқа жетуге деген ынтаса пен көрегендігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, олар өте сақ жандар. Осы сақтығының кесірінен жоспарлаған көп нәрсесіне қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Бұл жыл Шаяндар үшін оңай болмайды. Тек өзіңіздің күшіңізге сенгеніңіз дұрыс. Жақын адамдарыңыз бен айналаңыздан ешқандай көмек күтпеңіз. Тек өзіңіз барлық мәселені шешуші. Күзде тұрғылықты жеріңіз бен жұмысыңызға байланысты келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бірақ ол өз-өзімен шешіледі. Сіз тек сабырлы болыңыз! Қараша айының соңы бұрын жіберген қателіктеріңіздің кесірінен қиындау соғады, бірақ желтоқсан айының ортасына дейін ол да өз шешімін табады.

Арыстан

Арыстан белгісіндегі нәзік жандылардың көпшілігінде қызметте өсу мүмкіндігі бар.

Арыстан белгісінде өмірге келген арулар 2018 жылы өздерін барынша әділетті, шыншыл әрі бірбеткей болғаны дұрыс. Бұл қасиеттер әсіресе мансапта бағаланады. Арыстандарға көктемде мінсіз бизнес ұсыныстар түсуі мүмкін, ондай керемет мүмкіндікті қабылдау не қабылдамау өздерінің патша көңілдері шешеді.

Арыстан белгісінде туған ер адамдар үшін 2018 жылы тек шынайы достармен ғана қарым-қатныас құруға кеңес беріледі. Себебі тек сізге «керек» адамдар ғана сіздің өрге жүруіңізге септігін тигізеді.

Бикеш

Бикештер қиялға беріліп, 2018 жылы бәрі керемет болады деп сенсе қателескені. Десе де бәрі соншалықты жаман емес, белгілі бір деңгейде жетістіктер күтуде. 2018 жылы бикештерде шытырман махаббат оқиғасы мен тұрақты қаржылай табысқа кенелу мүмкіндігі мол. Көктемде кәсіби тұрғыда жетілу мен айтарлықтай табыстар болады. Дей тұрғанмен отбасын да ұмытпай, екеуін де қатар алып жүрген абзал.

Жаз маусымы нағыз демалысқа қолайлы мезгіл. Саяхаттауды жоспарласаңыз тамыз айына жоспарлаған тиімді.


Таразы

Егер сіз өміріңізді түбегейлі өзгертуге бел бусаңыз, жылдың басы өте қолайлы мезгіл. Жылдың басында жұмыс ауыстыру немесе қызмет саласын ауыстыру өте тиімді жағына шешілуі мүмкін.

Ал, шығармашылыққа жақын жандар үшін көктем мезгілі жаңа күш пен тың серпіннің уақыты. Осы мезгілде оқ бойы озық көрініп, бірегей шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі зор. Маусым айында қаржылай табысқа қатысты жоспарларыңызды жүзеге асыру қолайлы. Өз кәсібіңізді ашыуды немесе бизнесіңізді кеңейтуді жоспарласаңыз нағыз тиімді шешім.

Сарышаян

Астрологтар 2018 жыл сарышаяндар үшін нағыз сәттілікке толы жыл болады деп болжайды. Бұл жылы сарышаяндарды не күтеді:

  • Тұрақты табыс, мол қаражат
  • Махаббат хикаясы
  • Қоғамдағы тұрақтылық
  • Махаббат пен жақындарыңыздың сенімі

Мерген

2018 жыл өткен жылдың бітпей қалған тірліктерін аяқтап, өмірді ретке келтіруге кетеді. Биылғы жылы айтарлықтай өзгерістер болмайды, бірақ тұрақтылық болады. Бұл мансап пен қаражатқа қатысты. Сізге биыл оптимизм мен жақындардың қолдауы өте қажет. Себебі жұрттың қызғанышы, артық өсек-аяң біраз кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ жыл соңына дейін бәріне төзсеңіз, дұшпандардың өзі сізді құрмет тұтынуы әбден мүмкін. Биылғы ит жылы сіздің қорғаныңыз да, тұмарыңыз да отбасыңыз, туыс-туғандарыңыз екенін жиі еске салып тұрады.   

Тауешкі

Биыл Сары Иттің мейірі басқаларға қарағанда Тауешкіге көбірек түседі. Мұны жылдың ьбастапқы күндерінен-ақ байқайсыз. Тауешкілер практик әрі консерваторлар, олар үнемі табыс әкелетін істі іздеп жүреді. Олар қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздікті бірінші орынға қояды. Ал 2018 жыл олар үшін аңсаған арманы орындалатын жыл.

Өзінің еңбекқорлығына байланысты Тауешкілер жақын-туғанарын екінші орынға ысырып қояды. Сондықтан тауешкілердің жақындарына жыл бойы назар жетіспеуі мүмкін. 

Суқұйғыш

Алдағы жылға жоспар құрмас бұрын, былтырғы жылыңызды қорытып көріңіз. Былтырғы жылдың қателіктерін ескерсеңіз ғана биылғы жылдан табыс күте аласыз. Былтыр көп күш жұмсамай, жетістіктерге жеттіңіз. Бұл жылы сізге біраз тер төгуге тура келеді. Дегенен жыл баянды, тыныш әрі берекелі болады. Қыс мезгілінде аса маңызды өзгерістер болмайды, сізді комфорт аймағыңыздан итеріп шығаратын жағдайлар болмайды. Ал көктемге қарай күш-қуатыныңызды барынша жұмсауыңыз қажет. Астрологтар сізге ешқандай афереларға жоламауға, күмәнді ымыраларға жоламауға кеңес береді. Тек сыннан өткен сенімді әріптестеріңізге сенгеніңіз жөн.

Балықтар

Былтыр Тауық жылы сізді ерекше қолдап, қорғап еді. Биыл сол жетістіктерді қайталау үшін біраз еңбектенуіңізге тура келеді. Сары ит адалдықты, қайсарлықты жақсы көреді. Ал арамдар пен қорқақтарға жаны қас.

Көктем өміріңізді романтикаға толтырады, адамдарға қандай қарым-қатынас жасасаңыз, ол еселеп өзіңізге қайтады. Жазда тұрмыстық проблемаларыңызды шешкеніңіз жөн. Тағдырға сенетін болсаңыз, жақындарыңыз ғана емес, бейтаныстардан да көмегіңізді аямаңыз. Сіз қол ұшын созған бейтаныс адам сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін. Жалпы, сары ит жылы берекелі жылдардың бірі болмақ. Кездейсоқ таныстықтар ұзақ жылдық достықтың бастауы болатынын ұмытпағайсыз. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар