Ақтөбеде ислам ғұрпына сәйкес ұлдарды сүндетке отырғызу шарасы өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ислам ғұрпына сәйкес ұлдарды сүндетке отырғызу шарасы өткізілді

Ақтөбеде ислам ғұрпына сәйкес ұлдарды сүндетке отырғызу шарасы өткізілді

Бүгін, 22-шілдеде Ақтөбеде ислам ғұрпына сәйкес ұл балаларды сүндетке отырғызу шарасы өткізілді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Шiлде 2003
  • 1255
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі саясат департаментінің жанындағы діни ұйымдар ісі жөніндегі бөлімнің бас маманы Бауыржан Есмаханның айтуынша, бұл шараны ішкі саясат департаменті облыстық мешіттермен бірлесе отырып өткізді. Шараны өткізу үшін оны ұйымдастырушылар балабақшалар, кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі инспекциялар мен аудандық мешіт имамдарына хабарлама жіберген. Соның нәтижесінде сүндетке отырғызу шарасына барлығы 220 ұл бала жиналды.

Сүндеттеу операциясы ұлдарға арналған облыстық пансионатта өтті. Сүндеттеу рәсімін Ақтөбе облыстық мешітінің шақыруымен келген түріктің миссионер-дәрігері Абдулла Озкая жүзеге асырды. Бұған дейін ол Қырғызстанда, сондай-ақ, Алматы мен Шымкентте ұлдарды сүндетке отырғызу шарасын орындаған көрінеді. Шараны сонымен бірге облыстық жедел жәрдем ауруханасының 3 дәрігері қадағалады.
Б.Есмаханның айтуынша, сүндеттеу рәсімі тегін өткізілді. Ұлдарды осындай тобымен сүндетке отырғызу шарасы алғаш рет 2002-жылы өткізіліпті. Ол кезде ғұрыпқа 200 ұл қатысқан көрінеді. Сүндетке отырғызу шарасына кейін әрбір ұлға ақ костюм, әшекейлі малақай мен тәтті-дәмді дүниелер үлестіріп берілді.

Соңғы жаңалықтар