Жарияланды: 590

"Біліп жүріңіздер!" - Ернар Айдар ешкімнен ән ұрламағанын айтты

"Біліп жүріңіздер!" - Ернар Айдар ешкімнен ән ұрламағанын айтты Сурет - ydngm.online

Ернар Айдар өзі жайлы «ән ұрлапты» деген жалған ақпаратты жоққа шығарып, instagram-да тыңдармандарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы. 

“Бұл видеожазбаны жазып жатқан себебім, менің «Күнім, сен сөнбеші» әніме қатысты. Сол ән жайлы көптеген жалған ақпараттар жүріп жатыр. Бәрі емес, араларыңызда 1-2 адам іштарлық танытып жатыр. Ондайларға сенбеңіздер, ол ән жайлы біліп жүріңіздер деп айтып жатырмын. «Күнім, сен сөнбеші» әнін өзінің авторы әрі орындаушысы, әзірбайжан әншісі Елнар Халилов маған өз рұқсатын беріп, арнайы рахметін айтты. Және қазақ тілінде орындап шыққаннан кейін қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін айтты. Осындай әнін құрметтеп жатқаны үшін қазақ тыңдармандарына алғысын айтты. Сол себепті сондай керемет нәрселер болып жатқан кезде қырылмайық»,- деді Ернар Айдар бейнеүндеуде

Пікір қалдырыңыз

[X]