Димаш Құдайберген Ақтау мен Жаңаөзенде болатын концертін Ақтөбедегі соңғы жағдайларға байланысты кейінге қалдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Ақтау мен Жаңаөзенде болатын концертін Ақтөбедегі соңғы жағдайларға байланысты кейінге қалдырған

Димаш Құдайберген Ақтау мен Жаңаөзенде болатын концертін Ақтөбедегі соңғы жағдайларға байланысты кейінге қалдырған

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Ақтау мен Жаңаөзенге 8-9 маусымға жоспарлаған «Ұмытылмас күн» атты концертін кейінге қалдырды.

  • 9 Маусым 2016
  • 1413
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның әкесі, белгілі әнші Қанат Айтбаев әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп жазады Caravan.kz тілшісі. Әкесінің айтуынша, аталған ән кешіне Димаштың анасы – Светлана Айтбаева үшеуі бірге қатыспақ болған.

Қанат Айтбаев өз жазбасында: «Ұмытылмас күн» атты Димаштың жəне біздің кездесу кешіміз елімізде төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кейінге қалдырылды. Бірлігі бар, тірлігі бар, жақсы жағынан талайдың назарын аударып келген Ақтөбеміздің аспанында оқ атылып, жазықсыз жандар қаза болып жатқанда сахнада концерт беру «біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғының» кері болар еді. Концерттің кейінге шегерілгендігін өз аузымен ескертіп, алдарынан өтемін деген ниетпен Димаш Ақтау қаласына ұшып кетті, біз Ақтөбеде қалдық» депті.

Естеріңізге салсақ, әнші
Серік Ибрагимов те Атырауда 11 маусымда өтуі тиіс концертін Ақтөбедегі жағдайға байланысты кейінге шегерген
болатын.

 

Соңғы жаңалықтар