Жарияланды: 1153

Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті

Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті

Бұл әншінің өзі де, әні де ерек. Ән қоржыны ешкімдікіне ұқсамайды. Сахнаға шыққан күнінен бастап ел Серік Ибрагимовті “бала әнші” ретінде қабылдап жүрді. Ал шаңырақ көтеріп, отағасы атанғаннан кейін көпшіліктің әншіге деген көзқарасы өзгергендей…

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әсіресе жұбайы Айнамкөзге арналған “Махаббатым” әнінен кейін Серіктің тыңдармандар саны күрт өсті. Бүгінгі таңда Ибрагимов талмай-тынбай еңбектеніп келеді.

Жуырда әнші қоғамның өзекті мәселесіне айналған тақырыпта жазған әнінің тұсауын кесті. Телефон мен ғаламторға тәуелді болып қалған қазақ қыздарына арнаған әнін Серік “Ғаламтордағы қыз” деп атапты.

Желідегі пікірлерге қарасақ, Серіктің әні көпшілікті риза еткен. Айта кететін жайт, жаңа әнді Серіктің өзі жазған, ал сөзі – Ершат Қайболдиндікі.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]