Жарияланды: 4200

Күллі қазақ Димашқа қолдау көрсетіп жатыр

Күллі қазақ Димашқа қолдау көрсетіп жатыр

Бүгін Қытайда өтіп жатқан "Singer 2017" байқауының финалында өнер көрсететін Димаш Құдайбергенге күллі қазақ қолдау көрсетіп, оның жеңімпаз атануына шын жүректен тілектестігін білдіруде. Әсіресе, әншінің туған өңірі - Ақтөбе жұртының оған деген ықыласы ерекше.

Ақтөбе жұртшылығы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жерлесіміз Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетті, деп жазады Aktobegazeti.kz. Саябақта лық  толған халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Жергілікті жас әншілер мен бишілер қатысқан шараға жүзден аса өнерпаз жұмылдырылды.

Сондай-ақ, кеш соңында Димаштын ата-әжесі экран арқылы құттықтау сөз сөйлеп, батасын берді. Үлкен экраннан Димаштың байқаудағы көрсеткен өнері көрсетіліп тұрды. Оның орындауындағы әндерді қосыла шырқаған көрермендер ақтық сында өнер көрсететін Димашқа сәттілік тіледі.

Закрыть