Қазақтың өзі Қытайды таң қалдырса, жиені Еуропаның жүрегін жаулап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың өзі Қытайды таң қалдырса, жиені Еуропаның жүрегін жаулап жатыр

Қазақтың өзі Қытайды таң қалдырса, жиені Еуропаның жүрегін жаулап жатыр

Қазаққа жиен Кристиан Костов «Еуровидениенің» финалына шықты.

  • 12 Мамыр 2017
  • 1903
Фото - Caravan.kz

Киевте «Еуровидение» байқауының екінші жартылай финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл кезең тікелей эфирде трансляцияланды. Қазақстандықтар бүгінгі өнер додасын тағатсыздана күткені жасырын емес, себебі бұл сында қазаққа жиен болып келетін болгариялық Кристиан Костов та бақ сынап жатыр.

Кристиан Костов «Beautiful Mess» композициясын орындап, ақтық кезеңге жолдама алды.

Қазаққа жиен Костов «Еуровидение» байқауының финалына шықтыКристиан Костов Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі Константин — болгар, анасы Зәуре — қазақ. Зәуре 1985 жылы Мәскеудегі институтқа оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін Ресейде қалады.

Әншінің ата-анасы оның өнерге деген құлшынысына қолдау білдіріп, төрт жасында «Непоседы» танымал студиясына жібереді. Анасының айтуынша, Кристиан қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі, Зәуре Мәскеуде бизнеспен айналысып жүргенде, оны нағашы атасы мен әжесі тәрбиелеген екен.


Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Костов өзінің әншілік қабілеті нағашы атасынан жұққанын айтқан болатын.

«Менің нағашы атамның жасы 85-те. Отбасылық басқосуларда кейбір эстрада әншілерінен кем айтпайды. Оның дауысын тыңдап отырып, өзімнің музыкалық қабілеттерімнің қайдан келгенін түсінемін», — деген болатын ол.

Соңғы жаңалықтар