”Мемлекеттің ақшасы безлимит емес”: Танымал журналист боксшы Ангелина Лукасты қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.76
  • 562.39
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мемлекеттің ақшасы безлимит емес”: Танымал журналист боксшы Ангелина Лукасты қатаң сынға алды

”Мемлекеттің ақшасы безлимит емес”: Танымал журналист боксшы Ангелина Лукасты қатаң сынға алды

Журналист Аслан Каженов белгілі боксшы Ангелина Лукасты қатаң сынға алды.

  • 12 Маусым
  • 1
Фото - facebook.com/aslan.kazhenov.2025

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ана жолы Шайдоровтың дауында өзін қыстырмалап еді. Енді Бибісара мәселесінде де көрінгісі келіп жатыр. Әңгіме сол баяғы. Маған қолдау көрсетпейді. Маған ақша бермейді. Ангелина, енді не істейміз? Менен конкретно не көмек? Мемлекеттің ақшасы безлимит емес қой. Кәсіпқой бағытты таңдадың. Кәсіпқой бокста әркім өзі табыс тауып, өзі күнін көреді. Бүкіл әлемде солай. Сондықтан, ол кәсіпқой бокс. Расымен өз өзіңді мақтағандай мықты болсаң, келісімшарттар ұсынады. Демеушілер мен инвесторлар тартылады. Ал, енді мемлекет қамтамасыз етсін десең, ана жолы айттым ғой, әуесқой боксқа кел. Биыл қазанда ел чемпионаты өтеді. Қатыс және дәлелде. Сол кезде ұлттық құрамаға алынасың. Сосын өзің айтқандай жүріс-тұрысыңды, киім-кешегіңді, қонақ үйіңді төлейді”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Ангелина Лукас мемлекеттен ақша алмайтынын айтқан еді.

”Біз 200 миллион, 100 миллион, 700 миллион сияқты сомалар туралы айтып отырмыз. Шынымды айтсам, мен қатты таңғалып отырмын. Олардың оқу-жаттығу жиындары қанша тұратынын, дайындыққа қанша қаржы кететінін, бапкерлерінің еңбекақысы қандай екенін және қандай жабдықтар қажет екенін білмеймін. Бірақ шахматшы қызға қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл өте жақсы. Егер мені де осылай қолдағанда, әлдеқашан әлем чемпионы атанар едім және Қазақстанға абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті баяғыда-ақ алып келер едік” – деді ол.