”Әйелімнің көзінше ауыр диагноз қойды”: Танымал блогер ажырасуының себебін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әйелімнің көзінше ауыр диагноз қойды”: Танымал блогер ажырасуының себебін айтты

”Әйелімнің көзінше ауыр диагноз қойды”: Танымал блогер ажырасуының себебін айтты

Танымал блогер, актер Жахан Отарғалиев өзіне ауыр диагноз қойылғанын мәлімдеді.

  • 27 Мамыр
  • 520
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісінде Зарина Муслимге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”2023 жыл өмірімдегі ең сынаққа толы жыл болды. Ажарасуым сол сынақтың 1% болатын болса, одан үлкен сынақтар да бар. Ол туралы мен осы күнге дейін ешкімге айтпадым. Айтамын деп те ойлаған жоқпын. 2023 жылы маған ауыр диагноз қойылды. Содан кейін маған өмір сүру қызық болмай кетті. Маған Жахан, сен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың деді. Бұл диагнозды әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді. Бұл нәрсені бұрын да сезетінмін, балалы бола алмай 15 жыл жүрдім ғой. Бірақ ешкім бетіме айтпаған. Ал, кесіп бетіме айтқан кезде ешнәрсе қызық болмай кетті. Оған дейін менде үміт болды, ол үміт әлі де бар. Бірақ, естіген кезде өте ауыр тиді. Сол себепті кино да, шығармашылық та, кәсіп те қызық болмай кетті”, — дейді ол.