"Алтын қалам" әдеби байқауына - 15 жыл! - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтын қалам" әдеби байқауына - 15 жыл!

"Алтын қалам" әдеби байқауына - 15 жыл!

Биыл  «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай үш жылдық үзілістен кейін танымал конкурс жаңа маусымын жариялады.   

  • 5 Қыркүйек
  • 22
Фото - Caravan.kz

 

    Биыл байқау тек қазақ тілінде өтеді

Жұмыстар қыркүйектің 05-нен бастап, қарашаның 20-не  дейін қабылданады.

     Әдеби туындыларды ұйымдастыру комитетінің altynqalam@yandex.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

    Конкурс жайлы толық мәліметті  жүлденің www.aqalam.kz ресми сайтынан біле аласыздар. Сайысқа түскен барлық шығарма аталған сайтта орналастырылады.

Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді: 

1. Жылдың үздік балалар шығармасы

2. Жылдың үздік поэзиясы

3. Жылдың үздік прозасы

4. Жылдың үздік сатирасы

5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы

6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы

   «Алтын қалам 2024» әдеби жүлдесінің демеушісі Нұрлан Смағұлов қоры, бас ақпараттық серіктесі «Русское радио».

  Жобаға қолдау көрсеткендер:  Қазақстан баспасөз клубы, «КТК», «31 телеарна»,  «Almaty.tv»,  Turan TV, Шалқар радиосы, «Standadr.kz» YouTube арнасы, «Сапалы Қазақстан» порталы, «Marwin» дүкендер желісі, Қазақстан Медиа Академиясы.

  Алғашқы кезеңде шығармалар www.aqalam.kz веб-сайтында іріктеледі. Оқырмандар өзіне ұнаған жұмысқа қараша айының 20-на дейін дауыс бере алады.

    www.aqalam.kz сайтындағы онлайын-дауыс беру 3 ай бойы жалғасады. Дауыс беру аяқталған соң әр аталым бойынша 6 шығарма таңдап алынады. Сайыстың екінші кезеңіне оқырмандар тарапынан ең көп ұпай жинаған шығармалар және қазылар назарына ілінген туындылар өтеді. Ақтық іріктеу сатысында қазылар әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды жасырын дауыс беру арқылы анықтайды. Айта кетерлігі сайыс барысында шығарма авторлары көрсетілмейді.

КОНКУРС ЖАЙЛЫ:

«АЛТЫН ҚАЛАМ» әдеби жүлдесі

Қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағына бей-жай қарай алмайтын, қоғамдық қызметтің әр саласында еңбек етіп жүрген Досым Сатпаев, Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы және Айдос Сарым секілді азаматтар ақылдаса келіп, 2009 жылы «Алтын қалам» әдеби жүлдесін өткізу туралы бастама көтерген болатын. Мақсат – еліміздің  рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретінде өз үлесін қосу және жас дарындар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ету.

Айта кететін жайт, көптің талқысына ұсынылған әдеби шығармалардың авторы  көрсетілмейді. Мұндай талаптар жүлденің әділ өтуіне кепіл бола алады.

«Алтын қалам» байқау жұмыстарына жазушылар емес, алдымен оқырмандар  баға беретін Қазақстандағы бірінші әдеби жүлде.