Ақан Сатаев «Рэкетир-2» фильмiнiң түсiрiлiмiн аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақан Сатаев «Рэкетир-2» фильмiнiң түсiрiлiмiн аяқтады

Ақан Сатаев «Рэкетир-2» фильмiнiң түсiрiлiмiн аяқтады

Режиссер Ақан Сатаев соңғы он жылда қазақстандық фильмдердiң арасында үздiк атанған «Рэкетир» фильмiнiң екiншi бөлiгiн түсiрiп бiттi. Бұл туралы фильмге түскен актерлер мен шығармашылық топ мүшелерiнiң Instagram-дағы парақшаларынан белгiлi болды. 

  • 13 Қараша 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Рэкетир-2 фильмiнiң соңғы кадрлары», — деп жазады Фархад Абдраимов Әсел Сағатовамен және Аян Өтепбергенмен түскен суреттiң астына.

«Рэкетир-2 жобасының кадр және кадр сыртындағы кадрларын фильм түсiрiлiмiнiң аяқталуымен құттықтаймын. Сiздермен жұмыс iстеу мен үшiн керемет болғанын да айта кетейiн! Рахмет!», — деп атап өттi қоюшы-суретшi Нәзира Байбекова.

Өзiнiң қуанышын актер Дастен Шәкiров та бiлдiрдi. «Барлығыңа рахмет, достар! Сiздермен жұмыс iстеу бiр ғанибет! Ендi премьерасын күтемiз!», — дедi ол. 

Түсiрiлiм Алматыда, Астанада және Қарағандыда өттi. Басты кейiпкерлердiң рөлдерiн Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Фархад Абдраимов, Дастен Шакиров, Аян Өтепберген мен Максим Акбаров сомдады.

«Рэкетирдiң» екiншi фильмi келесi жылдың көктемiнде көрерменге жол тартады деп жоспарланған.


Еске сала кетейiк, «Рэкетирдiң» алғашқы фильмi 2007 жылы шықты. Фильм тоқсаныншы жылдары бандыларға қосылып кеткен жас боксшы Саян Беккәрiмов туралы баяндайды. 

Соңғы жаңалықтар