«Astana» экшн-фестивалінің сценарийлер конкурсының бестігі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana» экшн-фестивалінің сценарийлер конкурсының бестігі анықталды

«Astana» экшн-фестивалінің сценарийлер конкурсының бестігі анықталды

«Astana» атыс-шабыс фильмдерінің ІІ халықаралық фестивалінің аясында екіншісценарийлер конкурсының финалына шыққан бес сценаристің есімдері белгілі болды, деп мәлім етті кинофестивальдің бас директоры Ирен Ванидовская.

  • 22 Маусым 2011
  • 824
Фото - Caravan.kz

«Келешегі мол бес жас сценарист «Astana»экшн-фильмдерінің іріктеуіне түсті.Жеңімпаз жалғыз болады, ол $10 мыңға Голивудқа Тимур Бекмамбетовпен фильм түсіру мүмкіндігіне ие болады», — деді И. Ванидовская сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Қазақстандық финалистердің есімдері – Бақтияр Қадыров «После одного дня», Ғалия Байжанова «Пока все дома», Рустам Мұхит «Пересекая черту», Виталий Кистанов «День казни», Ержан Есімханов «Территория 17». Жеңімпаз 5 шілдеде анықталады», — деді ол.

Оның ақпаратына сәйкес, конкурсқа 630 сценарий қабылданды, бастапқы іріктеуден 132сценарий өтті, оның 98-і конкурстың талаптарына толығымен сәйкес келді.

Бұрын хабарланғандай, конкурс «Astana» экшн-фильмдерінің аясында екінші рет өткізіліп отыр. 2010 жылы америкалық Брайан Миллер «Аполло 18» фильмінің жобасымен жеңіске жеткен болатын. Бұл сценарий бойынша Астанадағы ІІ кинофестивальде көрсету жоспарланған фильм түсіріліп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильм 2011 жылдың соңында көрсетілімге дайын болады.

Соңғы жаңалықтар