Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынына қатысушылар анықталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынына қатысушылар анықталды (ФОТО)

Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынына қатысушылар анықталды (ФОТО)

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 19 қыркүйекте болған ән байқауының жартылай финалдық бәсекесінде  

  • 20 Қыркүйек 2015
  • 621
Фото - Caravan.kz

Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынына қатысушылар анықталды.  

 Көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз финалға жолдама алды. Бұл ән аламанын өнерсүйер қауым «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалады. Бұл кеште талапкерлердің барлығы жаңа ән орындап шықты. 

Естеріңізде болса, белгілі өнер шеберлері жартылай финалға қатысушыларды маусым мен тамыз айларының аралығында іріктеген. Сөйтіп олар жеке-жеке өрендердің талабын қомдап, шабытын шыңдау арқылы бүгінгі сайысқа дайындады. 

Ұлттық іріктеу кезеңін Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырды. Ал бас ақпараттық демеуші ретінде «Хабар» агенттігі қолдау көрсетті. 


Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сыны ертең сағат 16.00-да басталады. 

Айта кетейік, ертең көрермендер мен қазылар анықтайтын ең үздік өнерлі өрен желтоқсан айында Түркияның Стамбұл қаласында өтетін Bala Turkvizyon байқауына қатысады.
BalaTurkvizyonBalaTurkvizyonBalaTurkvizyon

Соңғы жаңалықтар