«Бір шаңырақ астында» фестивалінің аясында чуваш этномәдени бірлестігі өнер көрсетті - Павлодар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бір шаңырақ астында» фестивалінің аясында чуваш этномәдени бірлестігі өнер көрсетті - Павлодар

«Бір шаңырақ астында» фестивалінің аясында чуваш этномәдени бірлестігі өнер көрсетті - Павлодар

Қазақстан халқы Павлодар облыстық Ассамблеясы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап өткізіп жатқан жазғы фестивальдің аясында демалыс күндері чуваш этномәдени бірлестігі өз өнерін көрсетті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 644
Фото - Caravan.kz

Облысқа танымал чуваш фольклорлық ансамблі халық әндері мен билерін орындады. Қалалық саябаққа жиналған тұрғындар чуваш халқының мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және салт-дәстүрлерімен танысты.

«Жақында біздің ұжым мен диаспора өкілдері Ресейдің Ульянов облысы губернаторының шақыруымен Чуваштардың дүниежүзілік форумына қатысып қайтты. Ол форумға Ресей, Беларусь, Украина, Франция, Германия елдеріндегі чуваш диаспораларының өкілдері жиналды. Қазақстанның атынан біз бардық», дейді павлодарлық бірлестіктің төрағасы Петр Александров.

Павлодар облысына небәрі екі мыңдай чуваш тұрады, бірақ Елбасының ұлт саясатының арқасында біздің диаспорамыз балаларын ұлттық өркендеу мектебінде ана тілінде оқыту, әдет-ғұрыптары бен салт-дәстүрлерін, мәдениетін сақтау мүмкіндігіне ие, дүниежүзілік форумда біз осыны айттық, — дейді П.Александров.

Соңғы жаңалықтар