«Бөбек» дарынды жастарды қолдау мақсатында шығармашылық студия ашып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бөбек» дарынды жастарды қолдау мақсатында шығармашылық студия ашып отыр

«Бөбек» дарынды жастарды қолдау мақсатында шығармашылық студия ашып отыр

Ағымдағы жылдың 11-15 шілде аралығында «Бөбек» ҰҒТБСО-ның «Кескіндеме» шығармашылық студиясы жұмыс істемек.

  • 8 Шiлде 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

9-15 жас аралығындағы балалар қатысатын бұл студия әлеуметтік ахуалы нашар отбасынан шыққан дарынды балаларға тұлға болып қалыптасуына қолдау көрсету және балалар шығармашылығына қоғам назарын аудару мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бағдарлама аясында ҚР-дың тарихи-мәдени құндылықтары мен әдет-ғұрыптарына сүйене отырып, жасөспірімдер арасында рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу көзделген. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға кескіндеме өнерінен сапалы білім беру, жеке және ұжымдық жұмыстар арқылы баланың шығармашылығын дамытып, оларға қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу мәселелері қарастырылған.

Шара аясында жас таланттар белгілі суретшілердің жетекшілігімен кескіндеме өнерінің қыр-сырымен танысады, мұражайдағы көрмелерге барады. Шеберлік дәрістерін Д. Әлиев, А. Хәкімжанова, С. Жұмашева, С. Нәкісбекова сынды белгілі суретшілер өткізбек.

Студия жұмысының қорытынды бөлімінде дарынды суретшілердің үздік жұмыстары көрмеге қойылады. Сонымен қатар әр қатысушыға «Бөбектің» сертификаты берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар