“Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды”: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды”: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды

“Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды”: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзақ үзілістен кейін гастрольдік сапарға шығудың оңай болмағанын айтты.

  • 1 Маусым
  • 205
Фото: Instagram/moldir.auelbekova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Instagram желісінде жариялаған жазбасында өңірлердегі мәдениет ошақтарының бүгінгі жай-күйін баяндаған.

“Осы жылғы гастрольдік сапарымнан бір үзік ой.

Жеті жылдық үзілістен кейін қайтадан өңірлерді аралап, халықпен жүздесуге бел будым. Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды, шешім оңай берілмеді.

Осыдан 15 жыл бұрын гастрольге шығып жүргенде техникалық мүмкіндіктердің тапшылығын жиі сезінетінбіз. Сапалы дыбыс аппаратурасы сирек, заманауи әрі көрікті мәдениет сарайлары аз болатын. Бүгінде жағдай мүлде өзгерген. Қай қалаға барсаң да барлық жағдай жасалған: жеке гримерлік бөлмелер, кәсіби техникалық жабдықтар, көрермендерге арналған жайлы кіреберістер мен ыңғайлы орындықтар бар.

Қысқасы, уақытпен бірге өңірлер де өзгерген. Бүгінде мәдениет ошақтарының деңгейі жоғары, көрерменнің талғамы өскен. Концерттің, әншінің қарасы көп, бәрі халыққа сүйікті. Мұның бәрі қуантады, шабыттандырады ғой”, — деп жазды ол.