Димаш қатысып жатқан "Singer-2017" байқауының финалы бүгін отандық телеарнада көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш қатысып жатқан "Singer-2017" байқауының финалы бүгін отандық телеарнада көрсетіледі

Димаш қатысып жатқан "Singer-2017" байқауының финалы бүгін отандық телеарнада көрсетіледі

Димаш Құдайберген сынға түсетін Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан «Мен әншімін/Singer 2017» атты жобасының шешуші финалы бүгін сағат 22:00-де «Хабар» телеарнасында көрсетіледі. 

  • 15 Сәуiр 2017
  • 1521
Фото - Caravan.kz

Димаш байқауда Қытайдың танымал әншісі Лауре Шангпен Майкл Джексонның репертуарынан попурри орындайды, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Финал телевизиялық трансляциямен қатар Алматыдағы «Mega Alma-Ata» СОСО мен Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО үлкен экрандарында көрсетілетін болады. 

Сондай-ақ, бүгін «Хабар» арнасында сағат 21:30-да Димаштың өмірі туралы деректі фильм көрсетіледі. Фильмде өнер иесінің туған-туысқандары, достары мен курстастары Димаш туралы пікірлерімен және оның өмірінің белгісіз деректерімен бөліседі.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында «Азияның ең танымал әншісі» атанған болатын. Сонымен қатар Top China Awards жүлдесін «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» номинациясы бойынша ұтып алды.


 

Соңғы жаңалықтар