Димаш Құдайберген Канн фестивалінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Канн фестивалінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Канн фестивалінде өнер көрсетеді

Бұл туралы baistars.kz басылымы жазды.

“Ағымдағы жылы мамырдың 17-18-і күндері өтетін Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған па

  • 14 Ақпан 2017
  • 1103
Фото - Caravan.kz

“Ағымдағы жылы мамырдың 17-18-і күндері өтетін Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған павильон мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен орнатылады. Оған Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы да атсалысады. Ұлттық павильонның ашылуына орай университет өнерпаздарының концерті өтеді. Оған Димаш та қатысады деген жоспар бар. Ол елге танымал музыканттармен бірге өз өнерін паш етпек”, – дейді университет ректоры Айман Мұсақожаева.


Айта кетейік, бұған дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева үшінші курста оқитын Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына оқуға баруы мүмкін деп мәлімдеген. Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer-2017» ән байқауының төртінші кезеңі эфирден көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар