Дитрих Вальтердің әйгілі "Жасыл бизнесі" қазақ тілінде жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дитрих Вальтердің әйгілі "Жасыл бизнесі" қазақ тілінде жарық көрді

Дитрих Вальтердің әйгілі "Жасыл бизнесі" қазақ тілінде жарық көрді

Дитрих Вальтердің "Жасыл бизнесі" қазақ тілінде жеке кітап болып жарық көрді. Оның тұсаукесер рәсімі бүгін Алматыда өтіп жатқан "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда өтті.

  • 28 Маусым 2011
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Әлемге әйгілі бұл кітпаптың қазақ тілінде шығуы біз үшін үлкен абырой. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің «Экономика» баспасынан жарық көріп отыр. Ол ғалымдарға, студенттерге зор пайдасын тигізеді деп үміттенеміз. Себебі бұл кітапта бүкіл әлемде «жасыл экономика» қалай дамып жатыр, қандай жолдары бар екені және оның Қазақстанға тигізер пайдасы айтылған», — дейді университет ректоры, профессор Әли Әбішев.

«Мен кітабымның қазақ тіліне аударылып, кітап боп басылып шыққанына қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Сіздің халқыңыз менің идеяларымды өз елінің экономикасан дамытуға қолдана алады. Өйткені сіздердің елдеріңізді жарқын болашақ күтіп тұр», — деді кітап авторы, Германияның Изерлонындағы Кампус Seilersee Президенті Дитрих Вальтер. Оның айтуынша, бұған дейін «Жасыл бизнес» неміс, ағылшын, орыс, испан тілдерінде жарық көрген. Енді ол жасыл бизнеске арналған екінші кітабының да қазақ тіліне аударылуына мүдделі болып отыр. Оны қыркүйекте Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болатын кездесуде таныстырмақ.

Соңғы жаңалықтар